Париж-2024: Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев елге оралды
Бүгін Париж Олимпиадасына аттанған дзюдошылБүгін Париж Олимпиадасына аттанған дзюдошыларымыз елге оралды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жиналғандардың қарасы қалың, көпшілігі спортшыны көре алмай сырт қалғандары да бар.
Спортшылар Париж – Алматы рейсімен ұшып келді. Балуандарды күтіп алуға көптеген жанкүйерлер жиналды. Спортшыларды қолдауға ата-аналары мен бауырлары, отбасы келді.
Париж олимпиадасында Елдос Сметов – дзюдодан олимпиадада алтын медаль алған алғашқы қазақ спортшысы. Ал Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде қола медаль алды.
Елдос Сметовты күтіп алу салтанатына қазақ эстрадасының әншілері, айтыскер ақындар және Олимпиада жүлдегерінің алғашқы жаттықтырушысы да келді. Шәкіртінің жетістігіне шаттанған жаттықтырушы қуаныштан көзіне жас алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Назар аударыңыз! Қауіпті жүк": 7,5 млн теңге айыппұл өндірілді
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы