Париж-2024: Ел қоржынына 48 жолдама түсті

Бүгін Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 48 жолдаманы жеңіп алды.

Нақтырақ айтсақ, семсерлесуден Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан лицензиялық жарыста Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша финалда Кю Уинг Чуды (Қытай) 15:13 есебімен жеңіп, Олимпиада ойындарына лицензияға иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейән қазақ спортшылары 16 спорт түрінен жалпы саны 46 жолдаманы жеңіп алған болатын.

Атап айтсақ, бокстан — 7, нысана көздеу — 5, греко-рим күресі — 4, садақ ату — 4, семсерлесу — 4, еркін күрес — 3, каноэ мен байдаркадан ескек есу — 3, велоспорт — 3, қазіргі бессайыс — 2, спорттық гимнастика — 2, тхэквондо — 2, бадминтон — 1, академиялық ескек есу — 1, жеңіл атлетика — 1, батут — 1, стенд атудан 1 лицензия жеңіп алған.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы