Париж-2024: Дзюдошылардың жарыс кестесі шықты

Дзюдодан ұлттық құрама Францияның Мез қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні Абиба Әбужақынова (48 келі) мен Елдос Сметов (60 келі) татами төріне шығады.

Іріктеу кестесі:

27 шілде

Ерлер, 60 кг (Елдос Сметов)

Әйелдер, 48 кг (Әбиба Абужақынова)

28 шілде

Ерлер, 66 кг (Ғұсман Қырғызбаев)

Әйелдер, 52 кг

29 шілде

Ерлер, 73 кг (Данияр Шамшаев)

Әйелдер, 57 кг

30 шілде

Ерлер, 81 кг (Абылайхан Жұбаназар)

Әйелдер, 63 кг (Эсмигул Куюлова)

31 шілде
 Ерлер, 90 кг

Әйелдер, 70 кг

1 тамыз

Ерлер, -100 кг (Нұрлыхан Шархан)

Әйелдер, -78 кг

2 тамыз

Ерлер, +100 кг

Әйелдер, +78 кг (Камила Берліқаш)

Іріктеу белдесулер 13:00-де, финалдық белдесулер 19:00-де басталады.

3 тамыз күні аралас командалық сайыс өтеді.

Іріктеу белдесулер 11:00-де, финалдық белдесулер 19:00-де басталады.

Айта кетейік, дзюдодан ел құрамасында 9 жолдама бар. Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарында алғаш рет аралас командалық жарысқа қатысады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм жəне спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы