Париж-2024: Демеу Жадыраев Олимпиада алтынына таласады

Грек-рим күресінен ұлттық құрама балуаны (77 келі) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Отандық спортшы  әзірбайжандық Санан Сулеймановты жеңіп, финал жолдамасын ұтып алды. Қазақстандық балуан Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегерін 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы