Париж-2024: Андрей Чугай тректегі велоспорттан іріктеу сынына қатысты

Париж Олимпиадасында тректегі велоспорттан кейрин бағдарламасы бойынша іріктеу турнирі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Бұл сында Қазақстан атынан Андрей Чугай сынға түскен болатын.

Ол өз тобында 5-орын алып, 1/4 финалға тікелей өте алған жоқ.

Қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында сынға түседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: olympic.kz
Өзгелердің жаңалығы