Париж-2024: Әмір Закиров ширек финалда өнер көрсетеді

Брейкингтен командамыздың көшбасшысы Әмір Закиров Париж Олимпиадасында Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атты спортшыны сенімді ұтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, раундтар бойынша есеп: 2-0 (6-3, 7-2).

Осылайша, отандасымыз D тобында 3 батлға шығып, 2 жеңістің арқасында ширек финалға жолдама алды.

Плей-офф кезеңі біраздан кейін басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі/Тұрар Қазанғапов
Өзгелердің жаңалығы