Париж-2024. Алматы әкімі жүлдегерлерге үй мен көлік табыстады

Алматы қаласының әкімі Париж Олимпиадасың жүлдегерлеріне тұрғын үй мен көлік табыстады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Қала әкімі Нариман Құрбановқа екі бөлмелі пәтердің, ал Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын берді.

Сонымен қатар, спортшыларға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар және жаңа автокөліктердің кілті табысталды.

Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар. Сіздер сүйікті ісіңіз бен туып-өскен еліңізге деген сүйіспеншілігіңіздің жарқын үлгісісіздер, - деді Алматы қаласының әкімі.

Олимпиадада елдің намысын қорғаған барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Спортшылар Ерболат Досаевқа назардан тыс қалдырмай, әкімдік тарапынан көңіл бөлгені үшін алғыс білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы