Париж-2024: Әлішер Ерғали ширек финалға шықты

Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны (97 кг) Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мостафа Әл-Елсайед Элдерсті тізе бүктірді.

Есеп: 6-2.

Біраздан соң Әлішер ширек финалда әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күш сынасады.

Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада. Ол Токиодағы ойындарда алжирлік палуанды ұтып ширек финалға шыққанымен, кейін аса тартысты белдесуде қарсыласына есе жіберген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы