Париж-2024: Александра Ли тағы финалда

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Бір сағаттан соң финалда 8 үздік мерген сынға түседі.

Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).

Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше Ислам Сатпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы