28 Шілде 2024 2024, 14:44
Париж-2024: Александра Ле тағы финалда
пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле финалға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол іріктеуде 631.4 ұпай жинап, 6-сатыға тұрақтады. Бір сағаттан соң финалда 8 үздік мерген сынға түседі.
Ал Арина Алтухова бұл сында 17-сатыда (627.7 ұпай).
Айта кетейік, бұл Александраның алғашқы Олимпиадасы. Ол кеше Ислам Сатпаевпен бірге Олимпиадада қола медаль жеңіп алған.