Парацетамол ішсе, аутизм болатыны рас па?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазіргі таңда жүктілік кезінде парацетамол қолдану мен аутизмнің арасында ықтимал байланысты дәлелдейтін нақты ғылыми деректердің жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Ұйымның мәлімдемесінде қазіргі уақытқа дейін парацетамол қабылдау мен аутизм арасында тұрақты байланыс анықталмағаны атап өтілген.

Айта кетерлегі, АҚШ президенті Дональд Трамп аутизмнің себебін балаларға салынатын вакциналармен және әйелдердің жүктілік кезінде кеңінен қолданылатын ауырсынуды басатын "Тайленол" препаратымен байланыстырған болатын. Алайда мұндай тұжырымдар ғылыми деректермен расталмаған.

Егер ацетаминофен мен аутизм арасындағы байланыс шынымен айқын болса, ол бірнеше зерттеуде тұрақты түрде байқалар еді. Алайда мұндай нәтижелердің қайталанбауы бізді аса сақ болып, ацетаминофеннің аутизмге ықпалы туралы себеп-салдарлық қорытынды жасауға асықпауға итермелейді, – деді Женевада өткен баспасөз брифингінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баспасөз хатшысы Тарик Ясаревич.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы