Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады

Қонаев гарнизоны 32363 әскери бөлімінің мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен секіру элементтерін үйренуде. Бұл әуе-десанттық дайындықтың аса күрделі әрі жауапты кезеңдерінің бірі.

800 метрлік биіктіктен төменге құлдилау – бұл ұмытылмас эмоцияны сезіну ғана емес, батылдықты шыңдау. Парашютпен секіру кезінде қажет шымырлық, табандылық, шапшаң бағдарлау және кез-келген жағдайда әрекет ету қабілетіне жердегі жан-жақты дайындық кезінде қол жеткізіледі.

Десант түсіру алдында мұқият дайындық жүреді. Жас сарбаздар парашютті орауды жетік меңгереді. Секіру алдындағы курс әуе-десанттық кешеннің тренажерларындағы сабақтарда өтеді, онда әскери қызметшілер әуеде, оның ішінде орын алуы мүмкін жағдайлардағы іс-әрекеттерді де пысықтайды, – деді 32363 әскери бөлімі әуе-десанттық дайындық бөлімінің аға офицері гвардия капитаны Амантай Жалтырбай.

Әуе-десанттық кешеніндегі сабақтар қарапайымнан күрделіге дейінгіні қамтиды. Алдымен олар секірудің жеке элементтерін меңгереді, содан кейін дағдыларды қозғалыста шыңдай отырып, кешенді тренажерлерде орындайды.

Жердегі дайындық бағдарламасынан өткен әскери қызметшілер әскери бөлім командирінің бұйрығымен арнайы тағайындалған комиссияға сынақтар тапсырады. Парашютпен секіруді орындауға сынақтан өткенде «жақсы» дегеннен төмен емес баға алғандар және бекітілген парашюттерді жеке өздері жинап, ораған сарбаздар жіберіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы