Елордада "Парасаттылықты ілгерілетудің тиімді тетіктері" халықаралық конференциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласында V жыл сайынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференция басталды. Іс-шараға 10 елден келген 20-дан астам сарапшы қатысып жатыр.
Конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев сыбайлас жемқорлық әлемнің көптеген елдері үшін табысты экономикалық дамуды шектейтін фактор екенін айтып, оның мемлекеттік институттарға деген беделін түсіретінін жеткізді.
Біз сыбайлас жемқорлықпен жүйелі әрі кешенді күресті Тәуелсіздік жылдарынан бастап жүргізіп келеміз. Қазақстан БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының, ЭЫДҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желісінің мүшесі. Сонымен қатар біздің ел биылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) толыққанды мүшесі болып, өзіне бірқатар маңызды халықаралық міндеттемелерді алды, - деді Қырымбек Көшербаев.
Мемлекеттік хатшының сөзінше, қазіргі таңда елімізде үздік отандық және халықаралық тәжірибеге негізделген тиімді заңнамалық база қалыптасқан.
Елімізде мемлекеттік қызмет саласында ауқымды реформа басталды, инновациялық дамуға бағытталған кәсіби мемлекеттік аппарат құрылуда. Бизнес пен инвестицияларды қорғаудың тиімді тетіктері жасалды. Иифрлық шешімдердің арқасында тұрмыстық сыбайлас жемқорлық едәуір қысқарды деп айтуға негіз бар. Жалпы, Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатыны ең алдымен превенцияға, алдын алу әдістерініне негізделген. Біз жазалауға бағытталған репрессивті тәсілдерден бас тартып жатырмыз. Мұндай парадигма өзінің тиімділігін дәлелдеді. Біз қолданған осы іс-шараларымызды халықаралық сарапшылар мен әлемдік рейтингтік агенттіктер қолдап, жоғары бағалап отыр, - деді мемлекеттік хатшы.
Қырымбек Көшербаевтың айтуынша Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша соңғы жылдары еліміз "Сыбайлас жемқорлықты бақылау" индикаторы бойынша көрсеткіштерін екі есе жақсартқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы