СК-Фармацияның өңірлік филиалының жұмысымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің басшысы Ғанижан Асанұлы және Агенттік жанынан құрылған ақпараттық үгіт-насихат штабының төрайымы Ырза Тұрсынзада жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды.
Жұмысшы топ іс-сапар барысында Парасаттылық департаментінің басшысы Ғ.Асанұлы СК-Фармация мекемесінде болды.
Мекемеге жүргізген мониторинг жұмыстары барысында департаментінің басшысы дәрі қоймалары мен резервтік қорлардың індеттің ықтимал екінші толқынына дайындығымен танысты.
СК-Фармация өңірлік филиалының директоры Айжан Тортаева дәрі қоймалары мен резервтік қорлардағы дәрілік заттар індеттің ықтимал екінші толқынына толық дайын екендігін жеткізді. Қойма өкілдерінің сөзіне сүйенсек, қоймадағы дәрілік заттар облыстағы медициналық ұйымдарға тартылады.
Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Ғанижан Асанұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап, пандемияның бірінші толқынындағы тәжірибені ескере отырып, COVID-19 індетін емдеу бойынша препараттар тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті шаралар қабылдап, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемінің болуына және бағасының негізсіз өсуінің алдын алу мақсатында мониторинг жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.