Маңғыстауда «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-нің бастамасымен Маңғыстау облысы Полиция департаментінде «Парасатты полицей» республикалық байқауы өтіп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған іс-шараға еліміздің әр өңірінен келген өзге ұлт өкілдерінен құралған 21 команда өз бақтарын сынайтын болады.
«Байқауға Республиканың түрлі өңірінен 200-ден астам тәртіп сақшылары мен ІІМ-нің 3 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда. Олар күн сайын халықпен жұмыс істейтін қызметкерлер, сондықтан олар тілдерді білуі, жан-жақты дамыған болуы тиіс», - делінген хабарламада.
2 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» деген халыққа Жолдауында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатыны туралы атап өтілді.
Сонымен қатар, 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізіліп жатқан бұл іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, байқаудың алғашқы күнін қатысушы тәртіп сақшылары қызмет бабында қаза тапқан әріптестеріне арнап орнатылған обелискке гүл шоқтарын қойып, үнсіздік жариялап, олардың естен кетпес ерлігі алдында тағзым етуден бастады.
Байқауға арнайы келген Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Арыстанғани Заппаров қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеребе тарту рәсімімен жалғасты.
Қ.Таймерденов атап айтқандай, бұл байқау арнайы таңдап алынған «Достық үйінде» өткізіледі, онда 2018 жылы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қойылған Каспий маңындағы бес мемлекет президенттері бас қосқан саммиті өткен.