Қызметкерім парамен ұсталса, жұмыстан кетуге әзірмін – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Атырау адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің "Әкімдер апталығында" тікелей эфирге шыққан Жылыой ауданы әкімі Азамат Бекет осылай деді.
Тікелей эфирде аудан әкімімен халық алдында айтыла-айтыла жауыр болған өзекті мәселелер талқыланды.
Біздің зерделеу жұмысымыздың нәтижесінде моноқаланың дамуына жол, ауыз су мәселелері кедергі болып отырғандығын байқадық. Азамат Бауыржанұлының өзі де бұны жасырмады. Атап өтсек, өткен жылы басталған Құлсары қаласындағы Махамбет орталығының тас жолы әлі күнге бітпеген. 280 000 000 теңге бөлінген тендерді Ақтаулық құрылыс компаниясы ұтып алып, сапасыз жартылай жол салып, құрылысты аяқсыз қалдырған. Алайда, жартылай сапасыз құрылысына аудан бюджетінен 90 млн ды алып үлгерген екен. Әкімнің айтуынша өнім берушіні жауапкершілікке тарту мақсатында сотқа материал жолданды. Сол сияқты іргетасы қаланған Абай мектебінің құрылысы, өзге де ауыл ішілік жолдары жартылай басталып, аяқсыз қалған жұмыс көп. Алайда біздің тікелей эфирді көрген тұрғындар алдында биыл қалайда аяқтатуға жұмыстанамын деп" уәдесін берді - делінген хабарламада.
Әкім блогында Айдын есімді азаматтың "Жаз болса Құлсары қаласында ауыз судың қысымы азайып кетеді. Бес қабатты үйлердің жоғарғы қабатында тұратын, кейбір шеткі ықшамаудандарда тұратын тұрғындар үйлеріне су жетпей қиналады. Өткен жылы бұл мәселе қоғамдық кеңес қарауында тұрғындардың қатысуымен талқыланды. Одан нәтиже шықты ма? Биыл қала халқына ауыз су жеткілікті түрде жеткізіле ме?" деген сұрағына Азамат Бауыржанұлы ауыз су мәселесінің жылда біртіндеп шешіліп отырғандығын айтып ақталды.
Сонымен қатар, "Antikor.live" жобасы аясында "Әкімдер апталығында" кезекті аудан ахуалын Индер ауданы әкімі Қалауи Мейірім Жоламанұлы баяндады.
Аудан әкімі Мейрім Қалауи аяқсыз қалып отырған жол мәселесі мен сапасыз салынған тұрғыр үйлердің барын жасырмады. Алайда тікелей эфирде тапсырыс орындаушы жұмысын тапсырар кезде құрылысының сапасыз екендігі анықталса, қалыпқа келтіруді міндетті түрде талап ететіндігін уәде етті.
Карантиндік режим енгізілгенен бастап өзге аудандарға қарағанда Индер ең төменгі көрсеткішті көрсеткен. Яғни, 8 хаттама толтырылған. Соның ішінде 3 кәсіпкерлік нысан мезгілсіз сауда жасағаны үшін және 5 жеке тұлғаларға хаттамалар толтырылған.
Тікелей эфирде интернет мәселесін көтерген Айдос есімді азаматтың сұрағына "Шығыс ауылдық поселкесінде интернет жұмысы келер жылы толық қолға алынады",- деген уәдесін берді Мейрім Қалауи.