Паралимпия-2024: Дзюдошы ел қоржынына тоғызыншы медальді сыйлады

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 санатында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Франция өкілі Насер Зорганиді иппонмен тізе бүктірді.

Пара дзюдодан ұлттық құрама өкілі Жұрқамырзаны Париждегі Паралимпия ойындарында қола медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын. Жерлесіміздің жүлдесі тек спорттық жетістік емес, бұл - ерік-жігердің, мақсатқа жетудегі табандылықтың және үлкен рухтың символы. Біз пар дзюдошымыздың жеңісін мақтан тұтамыз және еліміздің даңқын әлемдік аренада асқақтатқанына қуаныштымыз. Отандасымызға алдағы сайыстарда тек жоғары жетістіктер мен табыс тілеймін. Оның батылдығы мен табандылығы көпке үлгі, - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Зарина Райфова пара дзюдодан қола жүлдені жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы