Паралимпиада ойындары-2024: Камила Досмалова қолаға таласады

Паралимпиада ойындарында Камила Досмалова қола үшін сынға түседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

К44 классында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Камила Досмалова жұбаныш белдесуінде фиджилік қарсыласы Ирен Марды 12:6 есебімен жеңді. Кәмиля қола үшін сынға Астана уақыты бойынша сағат 00:04 шығады.

Айта кететін жайт, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.

Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босниямен шеберлік байқасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Туризм және спорт министрлігі
Өзгелердің жаңалығы