Паралимпиада ойындары-2024: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен сайысқа түседі
Бүгін, 30 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл күні пара таеквондодан Камила Досмалова (57 келі) Джульетта Мойпо (Кения) - Мария Мицев (Сербия) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Ал пара жеңіл атлетикадан Салтанат Әбілқасымқызы (100 метр жүгіру) сынға түседі.
Айта кетсек, 29 тамызда пара волейболдан Қазақстан құрамасы Францияны 3:0 есебімен жеңді.
Енді олар ертең, 31 тамызда Астана уақытымен 17:00-де Босниямен шеберлік байқасады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Астана» «Бранн» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті
Өзгелердің жаңалығы