Паралимпиада-2020: Ержан Сәлімгереев финалда алтыншы орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарын 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында қазақстандық спортшы Ержан Сәлімгереев алтыншы болып аяқтады.

Бұған дейін қазақстандық Ержан Сәлімгереев Паралимпиада ойындарында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында финалға шыққанын жаздық.

Ол іріктеу сынында 33.14 секунд нәтижесін көрсетіп, үздік сегіз спортшының қатарына кірді.

Ержан Сәлімгереев финалда 32.53 уақытымен 6 орынды иеленді.


Ержан Сәлімгереев жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол пара жүзуден әлемнің үздік спортшылардың қатарына кіреді. 2015 жылы ҚР чемпионатында орын алды. Кейін 2016 жылы Германия Кубогында алтыннан алқа тақты, ол өз көрсеткішін 32 секундқа дейін жақсарта алды. 2017 жылы Германияның ашық біріншілігінде қос алтынды олжалады. Ал 2018 жылы Джакарта қаласында өткен Азиада ойындарында қос алтын медальға қол жеткізді.

Еске сала кетейік, жалпы есеп бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын және 3 күміс медаль бар.

Паралимпиада ойындары 5 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы