22 Маусым 2020 2020, 14:45
Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңіс парадын тамашалайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған паратты тамашалайды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңістің 75 жылдығына арналған паратты тамашалайды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың 24 маусым күні Мәскеуде өтетін Жеңіс парадына құрметті қонақ ретінде қатысуды жоспарлап отыр - делінген Берік Уәлидің хабарламасында.