Пара алған көші-қон қызметкеріне айыппұл салынды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысы Полиция департаменті Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкері М. Жұмаділовтің құқыққа қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті.

«2018 жылғы 7 желтоқсанда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті М. Жұмаділовті Өзбекстан Республикасының азаматы үшін тұру ықтиярхатын ресімдеуде жәрдем көрсеткені үшін 260 мың теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алу кезінде қылмыс үстінде ұстады» - деп хабарлады Қазақстан  Республикасы ҰҚК баспасөз қызметі.

2019 жылғы 25 ақпанда Мақтаарал аудандық сотының үкімімен М. Жұмаділов ҚР ҚК 190-бабы 3-б. 2-т. көзделген қылмыс (алаяқтық) жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2,6 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы