Нұр-Сұлтанда Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылу рәсімі басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлем чемпионатына 78 елден 450-ге жуық спортшы қатысады.
Елордадағы Конгрес-орталықта Пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатының ашылуында әр елден келген құрама өкілдері шеруден өтті. Олардың алғашқылары болып Ауғанстан, Алжир, Аргентина, Армения, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Камерун, Канада, Чили, Қытай Халық Республикасы, Колумбия, Кот-д'Иувар, Куба, Доминикан Республикасы, Мысыр, Эл-Сальвадор, Эстония, Финляндия, Франция және басқа елдердің өкілдері бар.
Қазақстан құрамасы әрбір салмақ санатында бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында 2017 жылғы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева, сондай-ақ Индонезиядағы 2018 Азиалық ойындарының жеңімпаздары Давид Дегтярев, Рахмеджан Хамаев, Алина Солодухина және Гүлбан Абдыкалықова өнер көрсетеді.
Қазақстан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатын өз тарихында алғаш рет қабылдайды. Әлемдік маңызды спорт жарыстарын өткізуге біздің пара спортшыларымыздың халықаралық ареналарда жеткен жетістіктері арқасында қол жеткізіліп отыр.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанда алғаш рет 12-20 шілде аралығында өтетін пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын Раушан Қойшыбаева Елдос Сметов пен Илья Ильиннің жанкүйері екенін айтқан болатын.
Әлемдік додада ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бен олардың дайындығы туралы ҚР пара пауэрлифтингтен ұлттық құрамысының бас бапкері Артур Томицский айтып берген.