Сотталғаннан пара алған колония қызметкері 3 жылға қамалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
"Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ЕЦ-166/26 мекемесінің аға жедел уәкілі әділет капитаны Е. Оспановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады", - делінген хабарламада.
Е. Оспанов жазаны өтеу кезінде жалпы қамқорлығы үшін сотталушыдан 574 мың теңге сомасында пара алды.
2019 жылдың 24 маусымында Жарқайың аудандық сотының үкімімен Е. Оспанов орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және әділет капитаны арнаулы атағынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Өзгелердің жаңалығы