16 Маусым 2025 2025, 05:03 Фото: instagram.com/csp_parasport.kz

Пара каноэдан Азия чемпионатында ел спортшылары 10 медаль алды

Таиландта өткен пара каноэдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Таиландта өткен пара каноэдан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жақсы нәтиже көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дүбірлі додада отандық спортшылар 3 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Жарыста Бибарыс Спатай 2 алтын, 1 қола алса, Максим Богатырев 1 алтын, 2 алтын медальға ие болды. Ал Жаңыл Балтабаева 2 күміс, Мейіржан Армия 1 күміс пен 1 қола медальға қол жеткізді.