Пара-армрестлингтен қазақстандық әлем чемпионы Паралимпиада жаттығу орталығының жұмысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлем чемпионы Паралимпиадалық жаттығу орталығының жұмысымен танысып, параатлеттерге әрқашан өздеріне сеніп, алға қойған мақсаттарына жетуге тілек білдірді. 

6 қарашада жанкүйерлер елорданың әуежайында пара-армрестлингтен әлем чемпионы Павел Никифоровты қарсы алды. Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 12 кездесу өткізіп, финалда Ресей өкілін жеңіп шықты. 


Әлем чемпионаты өте қиын болды, қарсыластар әлемнің түкпір-түкпірінен келді. Жарыста мені Қазақстан қолдады. Біздің елімізден адам көп болды. Біз бір-бірімізді қолдадық. Бұл менің Әлем чемпионатындағы алғашқы жетістігім. Осыған дейін Қазақстан және Азия чемпионаттарында алтын медальдар жеңіп алғанмын. Келесі жарыс – наурызда өтетін Қазақстан чемпионаты. Онда әлемге іріктеу болады. Менің екі дүркін әлем чемпионы болғым келеді. Өз жеңісімді анама арнаймын, бүгін оның туған күні, - деді Павел Никифоров. 

Павел 12 жастан бастап спортпен айналысады және әлем чемпионатындағы алтын медалі үшін 22 жыл еңбек етті. Әлем чемпионатына дейін ол Қазақстанның үш дүркін және Азияның екі дүркін чемпионы болатын. 


Павел Қарағандыда тұрады, сонда жұмыс істейді. 

Спорттан бөлек, мен KazMetiz металл зауытында жүк тиеуші болып жұмыс жасаймын. Әлем чемпионатына баруыма көмектескен зауыт директорына алғысымды білдіремін, - деді Никифиров.

Қазақстан құрамасы Румынияда өткен армрестлинг және пара-армрестлингтен Әлем чемпионатында ел қоржынына 134 медаль салды. Жалпы нәтиже бойынша, Қазақстан құрамасы 2 орында: 51 алтын, 40 күміс және 43 қола.


Жарысқа әлемнің 54 мемлекетінен 1400 спортшы қатысты.

Еліміздің мүмкіндігі шектеулі қол күресшілері жарады. Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында олар 8 алтын, 7 күміс және 11 қола медаль жеңіп алды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы