Пара алу да, беру де адамның арына байланысты - Тастанбек Есентаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет парасаттылық ұғымымен етене байланысты, өйткені дұрыс сана қалыптастыру өте маңызды. Бұл туралы ҚР БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК директоры Тастанбек Есентаев өзінің Фейсбуктегі парақшасында жариялады.
Сыбайлас жемқорлық материалдық, моральдық, адами шығындарға алып келуі мүмкін. Сондықтан адамдар бұл жағымсыз қылықты жекелеген адамдар тобымен ғана байланыстырып, «түбі тереңге кеткен кеселмен күресу мүмкін емес» деген пікірде болмауы керек, бәріміздің азаматтық жауапкершілігіміз, адами көзқарастарымыз көп мәселені шешеді. Бұл тұрғыда аталған індетпен күресуде елімізде жыл сайын жаңа жүйелер мен түрлі тәжірибелер енгізілуде. Жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр, - деді ол.
Сондай-ақ Тастанбек Есентаев БҒМ "Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының" РМҚК қызметкерлері арасында "Карантин жағдайында визуалды дизайн арқылы парасаттылыққа тәрбиелеу" тақырыбында жиын өткенін атап өтті.
3 жыл бұрын бастау алған "Астана - адалдық алаңы" жобасы қазіргі таңда өмірдің барлық саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды атқаруда. Жоба жетекшілерінің бірі Жазира Жақсылыққызының ықпалымен бұл жоба идеологиялық бағытта қоғамның елеулі өзгерістеріне тиімді ықпал жасап келе жатыр. Соның бір айғағы - бүгінгі іс-шара, мұндай жиындар мемлекеттік қызметкерлердің ой-санасына серпіліс жасайтын маңыздылыққа ие деп есептеймін, - деп жазды Тастанбек Құтжанұлы.
Бүгінгі жиында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығының сарапшысы Айбек Кабылдин және Nur Otan партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов Орталық қызметкерлеріне дәріс оқып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құндылықтарын түсіндірген.
Пара беру, пара алу және параға делдал болу - жемқорлықтың өте кең тараған түрі және пара алу да, беру де адамның арына байланысты. Жемқорлықтың белең алуы, әділетсіздік пен ұрлық-қарлықтың асқынып бара жатқандығы – адами фактордан болатын құбылыс. Олай болса, қоғамдық тәртіпке қайшы, адамдық ұстанымға жат бұл құбылысқа тосқауыл қою да - адамның қолында! Сондықтан бұл бастаманы Орталық қызметкерлері алдағы уақытта жалғасын тауып, кездесулер мен оқу-ағарту жұмыстарын өткізуге мүдделі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Исландияда жанартау атқылады
Өзгелердің жаңалығы