Көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қостанай қаласы Полиция басқармасы көші-қон қызметінің бастығы бірнеше мәрте пара алғаны үшін сотталды.
Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бірнеше мәрте пара алды деген күдік бойынша облыстық Полиция департаменті Қостанай қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің басшысы полиция подполковнигі К.С.Байжановқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Ол Г.В. Кравчуктың жәрдем беруі арқылы Э.В.Манукяннан, И.И. Гребенюктан, А.Л. Егиазаряннан, М.П.Закоян мен Х.М. Махмадовадан жалпы қамқорлығы мен кедергісіз тіркеп, шетел азаматтарына тұруға ықтиярхатты рәсімдегені үшін 3 млн 10 мың теңге сомасында жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінген болатын.
"2019 жылдың 29 қазанындағы Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Байжановқа 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шен алу құқығынан өмір бойына айырыпды", - делінген хабарламада.
Осы үкіммен Кравчук 4 жылға бас бостандығынан айырылды, ал пара берушілер Манукян, Гребенюк, Егиазарян, Закоян және Махмадовқа берген параның он еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.