Пара алғаны үшін 4 жылға сотталған вице-министр бостандыққа шықты
4 жылға сотталған бұрынғы қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев 2,5 айдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шенеунік 2021 жылдың қыркүйегінде Қаржы министрлігінің жобаларын цифрландыруды қарастыратын тендерде «Әл-Фараби Partners» ЖШС жеңіске жеткені үшін Байбосынов пен Бұхарбайдан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға сотталған еді. Алайда 81 күннен кейін сот бұл жазаны өзгертіп, Еңсебаевқа 66 миллион теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды. Бұл шешімді елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы қабылдаған.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сомали астанасында жарылыс болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы