Пара алған полицейлер 7 жылға сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен қалалық соты пара алған және алаяқтың әрекеттері үшін айыпталған 3 полиция қызметкеріне үкім шығарды.
Полиция қызметкерлеріне 2020 жылдың 20-26 маусымы аралығында парақорлық және алаяқтың (алдын ала келісіп алдау және сенімді теріс пайдалау жолымен мүліктік залал келтіру, жол жүру ережесін бұзған көлік жүргізушілерінен қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін ақша талап етті) әрекетке бары деп айып тағылған болатын. Сот процессінде күдіктілердің кінәсі толығымен дәлелденді - делінген қалалық соттың хабарламасында.
Өскемен қалалық соты патрульдік полиция батальонының екі инспекторын жеті жарым жылға, үшінші полиция қызметкерін жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Қуырдақтың көкесі". Түрмеге телефон кіргізбек болды
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы