Пара алды деген күдікке ілінген шенеунік полициядан қашып, өзенге секірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.
Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстағы ҰҚК департаментімен бірлесіп Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол "Мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің директорынан "Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын" іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша қоғамның қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді, - дейді Қайсар Баржақсынов.
Оның айтуынша, Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысын әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болған.
Шенеунік өзенге секіріп, оны жүзіп өту арқылы жасырынғысы келген. Сонымен бірге, ол өзенге ағып кете жаздаған. Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлері ұстап үлгерді. ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жариялауға жатпайды, - деді тергеуші.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәріханада жоқ парацетамол базарда сатылып жатыр
Келесі жаңалық
Израиль премьер-министрін қамауға алу туралы ордер берілді
Өзгелердің жаңалығы