Сарыағашта аудандық соттың судьясы пара алды деген күдікке ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш ауданының әкімшілік сотының судьясы пара алды деп күдіктілуде.
Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесе отырып, Сарыағаш аудандағы мамандандырылған әкімшілік сотының судьясының парақорлық фактісін анықтады.
11 желтоқсанда қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға бас прокурордың келісімі алынды. Тергеу шеңберінде, судьяның шетел азаматтарының көші-қон заңнамасын бұзғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарастырғаны үшін Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлерінен жүйелі түрде пара алуға қатыстылығы тексерілуде, - делінген хабарламада.
Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Египетте аяғы бар киттің сүйектері табылды
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы