Пара алған экс-әкім өз кінәсін мойындаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы "Байқоңыр" ауданының бұрығы әкімі Асқар Есілов өзінің пара алғанын толығымен мойындаған. Сол себепті құқық қорғау органдары оны қамауға алмаған.
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департамент басшысы экс-әкімнің тергеу ісі бойынша түсініктеме берді.Бұл туралы Агенттіктің алқа отырысы барысында тиісті департаменттің өкілі Бауыржан Балғабековке отырыстың кулуарда сұрақ қойылған еді.
Департамент басшысының орынбасарының сөзіне сүйенсек, экс-әкім орындалған жұмыстар туралы жалған актілерге қол қойғаны үшін айыпталып отыр. Оған қоса, пара алған.
Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті оны қамауға алған жоқпыз. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деді Балғабеков тілшілерге берген жауабында.
Оның айтуынша, бүгінде қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, шенеуніктің алған парасына қарай 20-80 еселенген сома көлемінде айыппұл салынады немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәурен Абаев жемқорлар жайлы сериал түсіруді ұсынды
Өзгелердің жаңалығы