Пара алған "Әділет майорына" 12 млн теңге айып салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті бастығының орынбасарына 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары болған, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде тергеу жүргізді.

Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына қолайлы жағдай жасағаны үшін және жалпы қамқорлығы үшін «Qiwi» электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген – деп хабарлады ҚР Жемқорлыққа қарсы қызметі.

21 қаңтар күні Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ "Әділет майоры" арнайы шенінен айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы