Папиллома вирусына қарсы 9 млрд теңгеге вакцина сатып алынады

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, әлемде бұл вакцинаны шығаратын 4 өндіруші бар.

Мұнда 2 өндіруші 2 валентті вакцинаны өндіреді. Бұл адам папиллома вирусының 2 түрінен қорғайды. Екпені өндіретін елдің бірі – АҚШ. Олар вакцинаның 2 түрін шығарады: 4 валентті және 9 валентті. Сондықтан бүгін біз қандай вакцина сатып алатынымызды анықтаймыз. Ол 4 валентті және 9 валентті болуы мүмкін. Жалпы 9 валентті екпе өте тапшы және оны сатып алу өте қиын,-деді бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова.

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова аталған вирусқа қарсы қанша вакцина сатып алатын айтты.

2024 жылға адам папиллома вирусына қарсы вакцина сатып алу үшін шамамен 9 млрд қарастырылған. 175 мың (тек 11 жастағы – автор) қызға 2 вакцина салынады. Демек біз екпенің 350 мың дозасын сатып аламыз. Алайда бірақ бұл вакцина тек осы бағаға (9 млрд теңгеге) сатып аламыз деу нақты емес. Себебі, вакцинаның бағасы біздің ережемізге сәйкес анықталады. Бұл бағаға тендер жарияланады. Сұранысқа байланысты баға не төмендеуі не керісінше болуы мүмкін,-деді Айжан Есмағамбетова.

Айта кетейік, АПВ — бұл адам папиллома вирусы. Бұл вирустың көптеген түрі тері мен шырыш қабатында қатерсіз өзгерістерді тудырады. Бірақ папиллома вирусының кейбір түрлері қатерлі ісік тудырады.

 Бұл вирус әртүрлі жолмен жұғуы мүмкін. Мысалы қол алысу немесе жыныстық қатынас арқылы. Тері немесе шырышты қабық жанасқанда вирус денеге енеді. АПВ-ны жұқтыру оңай, сондықтан адамдардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да осы вирусты жұқтырады. 

Жұқтырғаннан кейін вирус ағзада ұзақ уақыт тіршілік ете алады, бірақ бұл адам ауырады дегенді білдірмейді. Өзінде вирус бар екені туралы білмеуі де мүмкін. Егер адамның иммунитеті жақсы болса, ауру белгілері болмауы мүмкін. 

АПВ вирусын әйелдер де, еркектер де жұқтырғанымен, әрі көбіне еркектер жұқтырғанымен бұл вирус әйелдер үшін қауіптірек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы