Панфилов ауданында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты

Жетісу облысында теміржол өткелінде Mercedes-Benz көлігі жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ПД мәліметінше, жол апаты Панфилов ауданындағы Алтынкөл – Нұркент тас жолында болған. Теміржол өткелінде шетелдік көлік жүк пойызының вагонымен соқтығысқан.

Mercedes көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жол апатынан зардап шегіп, полицияға жеткізілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы