20 Қараша 2023 2023, 21:48
Фото: baq.kz
Панфилов ауданында жеңіл көлік пойызбен соқтығысты
Жетісу облысында теміржол өткелінде Mercedes-Benz көлігі жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ
Жетісу облысында теміржол өткелінде Mercedes-Benz көлігі жүк пойызымен соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық ПД мәліметінше, жол апаты Панфилов ауданындағы Алтынкөл – Нұркент тас жолында болған. Теміржол өткелінде шетелдік көлік жүк пойызының вагонымен соқтығысқан.
Mercedes көлігінің 32 жастағы жүргізушісі жол апатынан зардап шегіп, полицияға жеткізілген.