Пәндерді біріктіру мұғалімдерді қысқартпай ма? – министр түсіндірді

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп пәндерін біріктіру туралы ұсынысқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтырдан бері "Алгебра" мен "Геометрияны" – "Математика" пәніне, ал "Химия", "Биология", "Физиканы"– "Жаратылыстану" пәніне біріктіру жайлы айтылып келеді. Бұл мәселе қоғамда, әсіресе педагогтар арасында көптеген сұрақ туғызды.

Алгебра мен Геометрияға қатысты әріптестерімізден көп сұрақ болды. Кейін пәндерді біріктіру ұсынысы көтерілді. Мұндай тәжірибе әлемде бұрыннан бар. Сондықтан сарапшылардың ұсынысымен пилоттық деңгейде енгізуді жоспарлап отырмыз. Егер бұл өз нәтижесін бермесе, бұрынғы жүйе сақталады, – деді министр.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, пилоттық жоба 20 өңірдегі таңдалған мектептерде жүзеге асырылады. Тізім бекітілген соң жарияланады.

Мұғалімдер жұмыссыз қалмайды. Жоба енгізу барысында барлық мәселе жан-жақты қаралады. Міндетті түрде талқыланып барып жасалады, – деп түйіндеді министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы