Пандемияның қауіпті кезеңі басталды – ДДСҰ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ДДСҰ кезекті брифингінде ұйымның бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Оның айтуынша, қазір вируспен күресуге қауқары жететін мемлекеттер шектеулерді жеңілдетіп жатыр. Ал қажетті құралдарға тапшы елдерде жағдай қарама-қайшы болып жатыр.

Бұл кезеңде тиімді емдеу әдістеріне қолы жетпейтін елдер емхана тапшылығы мен өлім-жітімнің көп болуына тап болады. Бұл вирустың жаңа штамдарының күшеюіне алып келеді, - деді ДДСҰ басшысы.

Оның пікірінше, мұндай жағдайдан шығудың жалғыз жолы - вакциналардың және дәрі-дәрмектер мен қорғаныс құралдарының елдер арасында әділ бөлінуі.

Бұл - зымыран туралы ғылым немесе қайырымдылық қоры емес. Бұл - жалпыға ортақ қоғам мүддесіне арналған денсаулық сақтау қызметі, – деді ол.

Ұйым басшысы жағдайдың тұрақтандыруға мүмкіндік бар екеніне тоқтады. Ол - COVAX вакцинасына бүкіл әлем елдеріне қолжетімділікті арттыру бағдарламасы. Ол барлық мемлекетті осы бағыттқа күш біріктіруге шақырды.

COVAX - бұл ДДСҰ белгілеген COVID-19 пандемиясына қарсы әзірленген вакциналарға табыс деңгейіне қарамастан барлық ел үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін жаһандық бастама. Бағдарлама талаптарына сәйкес, табысы жоғары елдер вакцина сатып алу үшін қаржы төлейді, сол арқылы табысы аз мемлекеттерге субсидия бөледі.

ДДСҰ мәліметінше, әлемде COVID-19 инфекциясын шамамен 184 миллион адам жұқтырған, 4 миллионға жуық науқас қайтыс болды. Соңғы тәулікте ауруды жұқтырғандар саны 326 мыңға, қайтыс болғандар 6347-ге артқан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы