Пандемияның бірінші толқыны кезінде полиция қызметкерлері қандай қиындықтарға тап болды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің бөлім бастығы Азамат Садықов айтып берді.

Оның айтуынша, еліміз мұндай жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келгендіктен әр салаға бірқатар қиындықты еңсеруге тура келді. 

Блок-посттарды орнатудың талаптары, оны жасақтау мәселесіне келгенде қиындықтар туындады. Жадынама мен нұсқаулық бір бөлек, оны іс жүзінде қолдану мүлдем бөлек дүние. Мысалы, кейбір блок-посттар орнатылуы тиіс жерде жарықтың болмау, байланыс пен интернеттің жоқтығы сияқты мәселелерге тап болдық. Алғашында  барлық құжатты қалам мен қағаз алып, қолмен толтырып бастадық. Кейіннен жарық пен байланыс мәселелері шемімін тауып, бұл жұмыс планшет арқылы электрондық түрде жүргізілуге көшті, - дейді ол.

Оның айтуынша, мұның бәрі тәжірибе, енді мұндай кілтипандар назарға алынып отырады. Жалпы полиция қызметкерлері коронавирустың екінші толқыны кезінде тәртіпті қадағалау мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толықтай дайын.

Қазір еліміздің аймақтарының эпидемиологиялық жағдайы сары, жасыл, қызыл аймақ деп бөлінген. Бұл тұрғындардың тәуіліктік жұқтыру көрсеткішіне байланысты. Әр өңір белгілі бір аймаққа енген сайын бұл жердегі медицина қызметкерленің жұмысы ғана емес, карантиндік шараларды сақтауды қадағалаушы полицияның жауапкершілігі мен жұмысы да арта түседі. Бірақ осы кезде тұрғындар да сырттан бақылаушы болмауы керек. Өңірдің қауіп аймағана енбеуі соларға байланысты. Мұндайда полицияның міндеті тұрғындарды жазалау емес, тәртіпке шақыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, - дейді Азамат Садықов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы