Пандемияның салдары 65 жылға созылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы білім беру мәселелері жөніндегі жетекші маманы Айша Вауда "Орталық Азиядағы білім: пандемия кезіндегі оқыту" онлайн брифингінде айтты.

Маман Дүниежүзілік банктің жүргізген зерттеулерімен бөлісті. 
Ұлыбритания коронавирус індеті бойынша жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша пандемияның салдары 60-65 жылға созылуы мүмкін. Оның қорытындысы еңбек табысы мен зейнетақы жинағына, жұмыссызды қалуға қатысты төленетін жәрдемақы саласын қамтиды, - деді ол. 

Айша Вауда айтып өткендей, COVID-19 пайда болғалы білім саласы да айтарлықтай зардап шекті. 
Пандемия кезіндегі жағдай үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Коронавирус пайда болғалы тек денсаулық сақтау саласына ғана емес, экономика да айтарлықтай зардап шекті. Әлем бойынша білім беру процесіне де зиян келді. Әлем бойынша 1,5 млрд оқушының білім алу үрдісіне зақым келді, - деді Айша Вауда. 

Ол атап өткендей, Орталық Азия елдерінде адами капитал бойынша дағдарыс болып отыр. 
Пандемия кезіндегі білім беру процесінің әсері халықтың жартысынан көбіне әсер етті. Пандемияға дейін де Орталық Азия елдерінің студенттері орташа есеппен Еуропалық студенттерден 1,5 жылға қалып қойған еді. Көп білім алушылар функционалды сауаттылықтың ең төмен көрсеткішіне де жетпейді. Пандемияға дейін  ОА бойынша 10 оқушының 8-і функционалды сауатсыз болды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы