Пандемия: Шанхай тұрғындары карантиннен шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхай тұрғындары қалыпты өмірге оралды. Екі ай бойы қатаң локдаунда қамалып отырған 25 млн халық енді сыртқа шыға алады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тұрғындар әдеттегідей қоғамдық көлікті пайдаланып, жұмысқа шыға алады. Саябақтарға серуендегендердің қарасы қалыңдады. Десе де қоғамдық орындарда әлі де маска тағу режимі сақтаулы. Билік өкілдері топтап жиналуға тыйым салды. Әзірге кешкі асты да меймарханада ішуге рұқсат берілмей отыр. Спортзалдар да әлі ашылған жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы