Пандемия «омикронмен» аяқталуы мүмкін

Алматы, BAQ.KZ.  Данияның Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының техникалық директоры Тира Гроув Краузе «омикрон» штамымен COVID-19 пандемиясы аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ол мұндай пайымды аталған штамның ерекшелігін ескере отырып шығарғанын айтады.

Өйткені бұрынғы штамдарға, оның ішінде «дельтаға» қарағанда «омикрон» жұқтырғандарда сырқат жеңіл өтеді. «Омикрон» жұқтырғандар арасында ауруханаға түсу қаупі екі есе төмен,-дейді ол.

Оның айтуынша, желтоқсанда омикрон жұқтырған 20 науқастың тек біреуі ғана интенсивті терапияны қажет еткен. Алайда вирустың бұл нұсқасы бұрынғыларға қарағанда тез тарайды және вакциналық қорғанысты бұза алады.

Айта кетсек, 2021 жылдың 26 қарашасында жаңа штамға «омикрон» атауы берілді. ДДҰ-ы «омикрон» штамы құрамында бірнешге мутация бар екенін мәлімдеп, алаңдаушылық білдірді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы