Пандемия кітапхана жұмысын тоқтатқан жоқ
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Карантин режимі оқырман мен кітапхананың байланысын үзген жоқ. Ақмола облыстық ғылыми-әмбебап кітапаханасы осы кезеңде оқырмандарын жоғалтпай, онлайн қызмет көрсетуде.
Әлемді дүрліктірген пандемия мәдени ошақтардың жұмысын тоқтатқан жоқ.
Барлық қиындықтарға қарамастан, кітапхана қызметкерлері өз оқырмандары үшін қысқа мерзімде цифрлық қызметтерді ұйымдастыра білді. Карантинде абдырап қалдық деп айта алмаймын. Әрине, мүлдем онлайн форматқа көшу оңай болған жоқ. Кітапханашылар оқырмандарға кіруге тыйым салынған кезеңдерде де бос отырмады. Өткен жылдың басында келушілер саны 30 000-нан сәл асса, 2021 жылдың қаңтарындағы бұл көрсеткіш – 31 327. Міне, карантиндік шектеулердің біз күтпеген жаңалығы, – дейді М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары Галина Савенкова.
Кітапханашы оқырмандармен қашықтан жұмыс істеудің бірнеше тәсілін меңгергендерін айтады.
Осындай қиын-қыстау кезеңде де біз түрлі онлайн бастамаларды қолға алудамыз. Қазіргі уақытта онлайн форматта 12 жоба белсенді жүзеге асырылуда. Facebook, Instagram, YouTube, Одноклассники әлеуметтік желілерін пайаландық. Әрине, көзбе-көз жүздесу жасай алмағандықтан, жаңа формалар мен әдістер қажет. Оларды қысқа мерзімде игеруге тура келді. Ақпараттық және ұсынымдық жарияланымдар, онлайн акциялар, тікелей эфирлер, онлайн-викториналардың барлығы ықшамдалды, – дейді Галина Савенкова.
Кітапханада әдеби шығармаларды цифрлық форматта табуға еш кедергі жоқ. Өткен жылдың өзінде кітапханада мемлекеттік тілде 1019 кітап, сирек және құнды кітаптар қоры толық цифрланды.
Кітапхананың «Абай және мен» библиостудиясында Абай, Дулати, Есенберлин, Әл-Фараби шығармалары туралы мол мағлұмат ала алуға болады. «Тірі кітаптың» кейіпкерлері әңгіме желісі туралы айтады және шығармаға сілтеме беріледі. Кітапты оқудың мәнісі – оның ішіндегі сөздің мәйегін, философиясын, айтар ойын ала білуде ғой. Қайдан оқыса да. Әріп сол бір әріп, сол бір сөз. Бірақ әрине, табиғи кітап оқығандай болмайды. Психолог мамандар кітаптың әр парағын саусақпен ашудың өзі адамның жанына кереметтей ләззат беретінін айтады, - дейді кітапханашы.
Оның айтуынша, мәдени ошақта «Жерлес жазушылар топтамасынан» 30 кітап 3D форматта ұсынылуда.
Челлендждің 18 тікелей эфирінде қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары оқылды. «Классика жаңа форматта» онлайн-айдарында ұлы композиторлардың музыкалық шығармалары, өмірбаяндарына бейнешолу жасалды. Сондай-ақ, бірнеше ғылыми-ағартушылық жобалар жүзеге асырылды. Қазіргі кезде небір кітаптардың ғаламтордағы нұсқалары бар. Жасырары жоқ, оқырмандарымыздың көбі интернет дәуіріне дейінгі егде жастағы адамдар. Көпшілік көркем әдебиет, детективтерді кітаптан оқығанды жөн көреді, классика да сұранысқа ие бола бастады, – дейді Галина Савенкова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Райымқұлова жыр эстафетасын әріптестеріне жолдады
Өзгелердің жаңалығы