Пандемия кезінде аурухана қызметкерлерінің үстемақысын жымқырғандар сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады.
Оның айтуынша, Жамбыл облысы Жуалы аудандық ауруханасындағы қызметкерлер биылғы 9 шілдедегі үкім бойынша сотталды.
Бас дәрігердің орынбасары А. Байтөриев ҚК 3-бап 3-бөлім 190-бап бойынша 4 жылға бостандығы шектелді. Әкімшілік бөлімнің басшысы Х. Омановқа да 4 жыл мерзімге шектеу шаралары берілді. Аурухананың есепші Э. Мырзалиева 3 жыл 6 ай мерзімге бостандығы шектелді, - деп атап өтті тергеуші Данияр Бекайдаров.
Атап өтетін жайт, Байтөриев әкімшілік бөлімінің басшысы Х. Оманов және есепші Э. Мырзалиеваның жәрдемдесуі кезінде алдау және сенімге қиянат көрсету жолымен аурухана қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Аталған аурухананың «COVID-19» коронавирус инфекциясымен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар аясында эпидемиологияға қарсы іс-шаралар жұмысына жұмылдырылған 22 медициналық қызметкерінің үстемақысына ауыз салды делінген. Оның жалпы сомасы 2 771 мың теңгені құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы