27 Маусым 2025 2025, 12:50
Фото: - архив
Пандемия кезінде 42 500 теңге алған 4,5 млн адам әлі жұмыссыз – депутат
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмыссыздық деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев жұмыссыздық деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, елімізде жұмыссыздық көрсеткіші соңғы 15 жыл бойы өзгеріссіз 5 пайызды құрап отыр. Бұл – тым төмен әрі негізсіз көрсеткіш. Еліміздегі еңбекке қабілетті шамамен 10 миллион адамның небәрі 5,5 миллионы ғана нақты әрі тұрақты жұмыспен қамтылған екен.
Меніңше, Пандемия уақытында 42500 теңгеден көмек алған – 4,5 миллион халықты әлі күнге дейін нақты жұмыспен, не кәсіппен қамтамасыз ете алмай келеміз, - деп айтты депутат Бейсенбаев.