Пандемия кезеңінде өңдеуші өнеркәсіптің берік негізі қаланды - Атамқұлов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің бейнеконференция форматында өткен отырыста Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлім етті.

Министр ведомствоның осы жылдың 9 айдағы қызметі туралы есебін ұсынып, жұмыс жоспарымен таныстырды.

Есепті тыңдауға Қоғамдық кеңес мүшелері, Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіби және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.

Өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторында өндіріс көлемі өсіп, жиынтық көрсеткіші 105,7%-ды құрады. Машина жасау саласы 22,8%, фармацевтика өнеркәсібі 38,1%, құрылыс материалдары өндірісі 10,1%, жеңіл өнеркәсіп 3,8%, химия өнеркәсібі 3,5% артты. Өңдеу өнеркәсібінің басқа салалары бойынша да оң динамика байқалады. Іске асырылып жатқан индустриялық саясаттың арқасында өңдеуші өнеркәсіптің берік негізі қаланды. Бұл пандемия жағдайында сала өсімін сақтауға мүмкіндік берді, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Министр Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына ерекше тоқталды.

Атап айтқанда, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасы әзірленіп, орта және жоғары қайта бөліністегі тауарларды шығаратын кәсіпорындарды қолдау, бизнестің қарсы міндеттемелерін енгізу, кәсіпорындарды цифрлық трансформацияға және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге ынталандыру, отандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету және өнеркәсіптің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастыру шаралары көзделген.

АЭА жұмыс істеуінің жаңа моделі әзірленді. Бүгінгі таңда 13 АЭА аумағында 1,6 трлн теңге сомасына 307 жоба іске асырылды. 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Олардың жүктемесі 38%-ды құрайды. Өнім өндіру көлемі 3,9 трлн теңге, оның ішінде экспорт 298,7 млрд теңге. 2021 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 1,5 трлн теңге, - деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Атамқұлов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы