Пандемия болмағанда «Бейбіт жиындар туралы» заңның мүмкіндігін қоғам кеңінен пайдаланатын еді - Ертісбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі қазақстандық қоғам қайраткері Ермұхамет Ертісбаев саясаткер Александр Чеботаревтің «Бейбіт жиындар туралы» заң Қазақстанның ең үлкен жетістігі» атта мақаласына қатысты пікірін білдірді.

Ол оның заңға берілген бағасымен келісетінін білдірді. Чеботарев өзінің мақаласында «Бейбіт жиындар туралы» заң Қазақстанның ең үлкені жетістігі екенін айтқан.

Мен оның бұл бағасымен толықтай келісемен. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келе сала Қоғамдық келісім туралы ұлттық кеңес құрып, өзінің саяси ұстанымдары туралы бағдарламасымен таныстырғанда «Бейбіт жиындар туралы» заң қабылдау қажеттігіне баса назар аударған еді. Мен бұл заң қазіргі күні жұмыс істеп тұр деп айта аламын. Тіркелмеген болса да демократиялық партия үш митинг пен пикеттер өткізіп үлгерді. Бір жағынан пандемия кезінде саяси белсінділік бәсеңдеп қалды. Олай болмағанда бұл заңның мүмкіндігі кеңінен қолданылатын еді, - деді ол. 
Оның айтуынша, Мемлекет басшысы елде қарама-қайшы көзқарасты электораттың көп болуына қарамастан өз саяси курсынан тайған жоқ. Пандемияға қарамастан елде бейбіт жиындар өтіп жатты. 
Тоқаев президенттікке келген соңғы екі жылда бұл заңды Конституциямен сәйкестендіре алдық. Ол еліміздегі басты заң, мұнда да ел азаматтары бейбіт жиындар өткізе алады делінген. Бұл күнге дейін оппозиция Ата заңның осы нормасы орындалмайтынын сынап келген. Бұл заң қабылданғанға дейінгі соңғы он жылда бірде-бір рет бейбіт шеру өтпепті. Енді, міне, бұл заңның жұмыс істеп тұрғанына өздеріңіз де куәсіздер, - деді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы