Пандемия басталғалы 50 мыңға жуық атыраулық індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова хабарлады. Оның айтуынша, облыста індет басталғалы 49500 адамның COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелген.
Сондай-ақ соңғы тәулікте 98 жаңа жағдай анықталған көрінеді.
Соңғы тәулік ішінде 98 адам вирус жұқтырған. Осы аралықта сырқаттанған науқастардың 93%-ы, яғни 46194 адам сауығып шықты. Коронавирус инфекциясынын аурушандық көрсеткішінің соңғы бір ай көлемін салыстырсақ, бүгін дертке шалдығу деңгейі 5,6 есе төмендеп отыр, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Салыстыру үшін айта кетер болсақ, 16 тамыз күні 526 жағдай тіркелсе, ал 15 қыркүйекnt 99 жағдай анықталған.
Былтыр ең жоғарғы айлық көрсеткіш ретінде шілде айында 5867 жағдай тіркелсе, өкінішке қарай, биыл тамыз айында 12 207 адам ауырып қалған. Осылайша, жазда вирустың 2 есеге өскенін байқадық, - деді Бақытгүл Хаменова.
1 шілдеден бастап аурушаңдықтың өсуіне байланысты облыс бойынша резервтен 934 инфекциялық төсек-орын іске қосылған. Ал өңірдегі жалпы инфекциялық төсек-орын саны 3012-ні құрады. Оған дейін облыс бойынша 2078 инфекциялық және 508 карантиндік орын жасақталған екен. 16 қыркүйекте аурушандықтың төмендеуіне байланысты 2352-ге қысқартылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы