COVID-19: Мутацияға ұшыраған вирустың таралуы бұрынғыға қарағанда 70%-ға артық

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жер жаһанды жайлаған коронавирус індетіне шалдыққандардың саны 76 млн 300 мыңнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 1 млн 700 мыңы осы дерттен көз жұмды. Бұл Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі. Қазірде әлем елдері бойынша 34 млн адам қауіпті инфекциядан емделіп жатыр.

Науқас саны бойынша көш бастап тұрған алғашқы үштікте АҚШ, Бразилия мен Үндістан тұр. Төртінші орында Ресей.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа штамы шыққан Ұлыбритания билігімен үнемі байланыста екенін хабарлады. Жуырда вирустың өзгерген жаңа түрі Италияда да анықталды. Белгілі болғандай, науқас таяуда Ұлыбританиядан келген екен.

Әзірге әлем ғалымдары мутацияға ұшыраған вирустың адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін дөп басып айтқан жоқ. Белгілісі, жаңа вирустың таралуы бұрынғыға қарағанда 70 пайызға дейін артық.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы